×

Алматыда базар аумағындағы қойма өртенді (ВИДЕО)

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 92 адамы және 25 техникасы жұмыс істеп жатыр

 Динара Амантай 17.02.2024 | 11:53
Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағын ауданында жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан қоймадан газ баллонын алып шықты. Жеке құрам өрт орнында қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары) болуымен күрделеніп жатыр. Өрт сөндірушілер жақын орналасқан қонақ үйді қорғауға өрт оқпандарын енгізді.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 92 адамы және 25 техникасы жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама