×

Жетісу облысында қарда қалған 70-ке жуық адам құтқарылды

Олардың арасында екі бала мен бір жүкті әйел болды

 Динара Амантай 17.02.2024 | 09:15
Фото: видеодан скриншот

Жетісу полицейлері мен құтқарушылары «Сарыөзек-Көктал» автожолында қарлы бораннан 67 адамды эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, құтқарылғандардың арасында екі бала мен бір жүкті әйел болған.

Аяз, көктайғақ және боранмен бірге жүретін өңір аумағындағы ауа райының күрт өзгеруі автокөлік иелеріне көптеген қиындық тудырды. Мұндай жағдайда полицейлер құтқарушылармен және жол қызметтерімен бірлесіп, автокөліктің қауіпті жол учаскелеріне шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Алайда, қозғалыс шектеулерін елемей, қолайсыз ауа райына қарамай жолға шығып, өздеріне және өз жолаушыларының өміріне қауіп төндіретіндер де бар, - деп атап өтті ПД ППБ взводының командирі Думан Сеңгірбаев.

Жүргізушілер полицейлерге, құтқарушыларға және жол қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жолдар жабылды. Полиция қызметкерлері өз кезегінде патрульдеуді күшейтіп, тәулік бойы жұмыс істейді.  Құрметті азаматтар! Сіздерден құтқару қызметтерінің хабарламаларын міндетті түрде ескеріп, ауа райының өзгеруін қадағалап, қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз, – деді полицей.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама