Алматы облысында ер адам көңілдесінің балаларын жарақаттаған (ВИДЕО)
Бұл ақпаратты ауыл әкімдігі жариялады
Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Таран ауылдық округінде ер адамнан таяқ жеген балаларға қатысты тың ақпарат айтылды.
Балаларды ұрып-соғып, пышақпен жарақаттаған ер адам олардың анасының көңілдесі болып шықты. Бұл ақпаратты ауыл әкімдігі жариялады.
Әйел еш жерде жұмыс істемейді. Таран ауылына көшіп келген отбасы. Ал балаларды ұрып-соққан ер адам әйелдің келіп-кетіп, араласып тұратын көңілдесі болған, отбасының танысы, - дейді Таран ауылдық округінің әкімі Шыңғыс Бабагелдиев.
Әкімнің айтуынша, қазір балалардың шешесі Ұзынағаштағы полиция бөліміне кеткен.
Күдікті – 2007 жылы 8 жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан адам.