Зардап шеккен бала қазір ауруханада
Қызылордада 6 жасар қызды зорлау дерегі бойынша іс тіркелген. Күдікті 9-сынып оқушысының үстінен тергеу жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккен бала қазір ауруханада жатыр. Ал 16 жастағы күдікті қамауға алынған.
Осы дерек бойынша Қызылорда қаласының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді, - деді Қызылорда қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдар Қасанов.
Балалар оқитын мектеп белгілі болғанмен, аты аталмады. Облыстық білім басқармасы оқиғаны бақылауға алғанын мәлімдеді.