×

Қарағанды облысында боранда адасып қалған адам әлі табылмаған

Ол 2 күн бұрын мал іздеуге шығып, оралмаған

 Динара Амантай 16.02.2024 | 13:22
Фото: Ақмола обл. ТЖД-ның баспасөз қызметі

Қарағанды облысында 2 күн бұрын боранда жоғалған адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін сағат 00:25-тен бастап Нұра ауданы Кеңжарық ауылындағы қыстақтан 60 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД күштері мен туыстары 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп жүріп, адасып қалған ер адамды іздестіріп жатыр.

Жоғалған адамды іздестіру жұмыстарына ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы көтерілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама