Былтыр оған ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған
Кеше ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, былтыр аталған азаматқа ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол заңға қарсы әрекеттерін жалғастырған. Бұл ретте террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын айта кету керек.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.