Абай облысында 100-ге жуық жеңіл көлік кептелісте тұр
Ол жерге облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді
Соңғы 24 сағаттың ішінде Абай облысының Көкпекті ауданында автокөлік жолдарының жабылуына және шектеулердің енгізілуіне байланысты автокөліктер кептелісі болды. Көліктердің жалпы саны – 100 жеңіл, 15 жүк және 1 автобус.
Қазір бұл көліктер бағанда, қардың өтуіне және нөлдік көрінуіне байланысты қозғалысты жалғастыра алмайды.
Кептеліс орнына облыстың ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Қазір құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Семейден 25 адам мен өтімділігі жоғары техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді.