Бүгін бірқатар өңірде оқушылар қашықтан оқиды

Дәурен Ерболат

Елімізде күн күрт суытты

Фото: Halyq Uni

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде оқушылар сабақты онлайн оқиды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана, Қарағанды, Семей және Ақтөбе қаласындағы оқушылар аяздың күшеюіне байланысты қашықтан білім алады.

16 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған Астана қаласының білім басқармасы таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында екі ауысымда да оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылды. Семейде де оқушылар қашықтан білім алады.