Ол пробациялық бақылауға алынды
Қызылордада дәстүрлі емес діни ағым материалдарын жариялаған тұрғын ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, дәстүрлі емес діни ағымның материалдарын жариялаған деструктивті діни ағымды ұстанатын облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны анықталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қызылорда қаласы мамандандырылған сотының 2024 жылғы 18 қаңтардағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол пробациялық бақылауға алынды.
Үкім заңды күшіне енді.