Halyq Uni логотип
×

Қостанайда екі жасөспірім бірнеше адамды тонаған

Күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, интернатқа жіберілді

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2024 | 16:46
Қостанайда екі жасөспірім бірнеше адамды тонаған
Фото: Halyq Uni

Қостанайда екі жасөспірім адамдарды тонаумен айналысқан. Қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған polisia.kz-тің хабарлауынша, 16 жастағы екі бозбала кешкі уақытта адамдарды тонап, дене жарақатын салған. Оқиға былтыр жаз уақытында болған.

Дос балалар 4т адамға дене жарақаттарын салып, 160 мың теңге материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар екі жасөспірімнің бірі басқа адамның автокөлігін заңсыз иемденген. Сот шешімімен күдіктілер ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») мен 200-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот олардың кәмелетке толмағандарын ескере отырып, шартты және шектеу жазасына үкім шығарды. Оларға 1 жыл пробациялық бақылау белгіленді.

Кәмелетке толмағандар ерекше режимде ұстайтын мектеп-интернатқа жіберілді. Ол жерде мінез-құлқы ауыр, қылмысқа бейім балалар тұрады.

Көкпекті пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаровтың айтуынша, интернаттың күн тәртібі басқа мектептермен ұқсас. Онда 11-17 жас аралығындағы балалар тұрады. Оларды интернат жұмысшылары әрқашан бақылауда ұстап отырады. Жаза өтеу мерзімі – 6 айдан 2 жылға дейін. Көбіне ол интернатқа ұрлық және тонау жасағандар барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама