Оралда қылмыстық топ ұсталды
Қылмыстық әрекеттерге барғандардың барлығы – колледж студенттері
Оралда қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұсталғандар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттерге барғандардың барлығы – колледж студенттері.
Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Егер сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз, – делінген полиция хабарламасында.