×

Әйелі мен балаларын қорлаған ер адам қамауға алынды

Жәбірленуші соттан жолдасын қатаң жазалауды сұрады

 Динара Амантай 15.02.2024 | 13:43
Фото: Жамбыл обл. сотының баспасөз қызметі

Мойынқұм аудандық сотында зайыбы мен балаларын балағаттаған азаматқа қатысты әкімішілік іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2024 жылы ақпанда Биназар ауылының тұрғыны алкогольді масаң күйде зайыбы мен балаларына былапыт сөйлеп, қорлаған әрі кемсiткен. Сотта ол өз кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді.

Жәбірленуші соттан құқық бұзушыны қатаң жазалауды сұрады.

Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 73-б. 1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама