Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады, – деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні ұстады. Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған. Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соққан. Одан кейін кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен.
Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.