×

Сатушы әйел жұмыс орнынан 13 млн теңгенің телефондарын ұрлап кеткен

Күдікті өзінің қылмыс жасағанын мойындады

 Динара Амантай 15.02.2024 | 12:07
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде сатушы әйел жұмыс орнынан 13 млн теңгенің телефондарын қолды қылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұялы байланыс салонының иесі дүкеннен телефондардың ұрланғаны туралы арызданған. Кәсіпкер телефондардың жоғалғанын ревизия кезінде анықтаған. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады.

Полиция тергеп-тексеру барысында жәбірленушінің дүкенінде бұрын сатушы-кеңесші болып жұмыс істеген әйелді анықтады. Күдікті өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, телефондарды ұрлағанын мойындады.

Ұрлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық заңнамада сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі санкция көзделген, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама