Жобаның мақсаты – ата-баба дәстүрі мен тарихы арқылы ұлттық киімді дәріптеу, ұлттық брендті нығайту
Алдағы жұма – 16 ақпанда «Ұлттық сезім» ұлттық дресс-код күні бастамасын қайта бастау жоспарланып отыр. Осымен үшінші рет қайталанып отырған акцияның бастамашысы – YPO Kazakhstan төрағасы және «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев.
Бүгінде бұл бастаманы Ұлттық спорт қауымдастығы және оның құрамына кіретін федерациялар, сондай-ақ еліміздің жетекші ұйымдары мен флешмобтың бастамашысы – YPO мүшелері компанияларының 15 мыңнан астам қызметкері белсенді түрде қолдап отыр. Олардың қатарында Kusto Group, Magnum, Viled Group, Tas Group, Chocofamily Holding, «BI Group», Astana Group, Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp. және т.б. бар.
Сонымен қатар, жоба Қазақстан бойынша кең таралып, оған еліміздің жетекші білім ордалары – KazGasa университеті, ХБK, Kau School, High Tech Academy, Zhubanov University қосылды.
Ал биыл наурыз айында Шымкент қаласында өтетін бәйгеден ҚР чемпионаты аясында ұлттық костюм байқауы ұйымдастырылады. Ол биылдан бастап «Ұлттық сезім» деп аталады.
2023 жылдың 1 желтоқсанында басталған акция апта сайын жұма күні өтеді. Ол жасына, жынысына және орналасқан жеріне қарамастан барлық адамға мәдени қозғалысқа қосылуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қатысушылар санын көбейту, костюм тарихшыларымен, сән үйлерімен және қолөнершілермен кездесулер өткізу арқылы ұлттық киім туралы мол мағлұмат беру көзделіп отыр.