Halyq Uni логотип
×

Қызылордада мемлекеттік мекеменің басшысы жауапқа тартылды

Кәсіпорын басшылығы жосықсыз сатып алушыға негізсіз артықшылықтар білдірген

 Динара Амантай 15.02.2024 | 10:26
Қызылордада мемлекеттік мекеменің басшысы жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Қызылорда көлік прокуратурасы «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынының мемлекеттік сатып алу кезінде бөлінген бюджет қаражатына немқұрайлы қарағандығын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

KazakhinTrade ЖШС мемлекеттік мекемеден монтаждалған жерүсті кабельдік желісін бөлшектеу кезінде пайда болатын кабельдік өнімнің қалдықтары саналатын қорғасын қабығын сатып алған. Алайда сатып алушы сатушының шотына шарт бойынша белгіленген мерзімде толық төлем жүргізбеген. Дегенмен мемлекеттік мекеме өз тарапынан заңмен көзделген міндеттерді және төленбеген қаражатты өндіруге бағытталған шараларды қабылдамаған. Бұған қоса, жосықсыз сатып алушымен қосымша шартқа отырып, оған заңнамаға қайшы артықшылық білдірген.

Аталған келісімшарт прокуратурамен уәкілетті мемлекеттік органға қадағалау актісі енгізілгеннен кейін біржақты бұзылды. Сот шешімімен KazakhinTrade ЖШС-нен 80 млн теңгеге жуық өсімпұл сомасы толығымен өндірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

РМК-нің басшысы жеке және заңды тұлғаларға шешімдер дайындау және қабылдау кезінде заңда көзделмеген артықшылық көрсеткені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 7 қызметкерге сөгіс жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама