×

Елордада такси қызметімен заңсыз айналысқандарға айыппұл салынды

Арасында 18 жастағы жүргізуші де бар

 Еркеғали Болатұлы 14.02.2024 | 17:50
фото: Halyq Uni

Астанада заңсыз такси қызметімен айналысып жүрген азаматтар анықталды. Алдымен жолдағы қауіпсіздікті қадағалаған полицейлердің назарына әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 4 799 жүргізуші іліккен.

Құжаттар мен мән-жайды тексеру барысында олардың 7-еуі заңсыз таксист болып шыққан.

Арасында «Шевроле Нексия» автокөлігін тізгіндеген 18 жастағы жүргізуші де бар. Еш жерде такси қызметін атқарушы болып тіркелмеген ол енді 55 380 теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Жалпы, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 444 көлік жүргізушісінің жолаушылар мен жүк тасымалы ережелерін бұзғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама