Борышкерлердің қарызы 1 млрд теңгеге жеткен
Жамбыл облысында жеке сот орындаушылары 27 548 балаға алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты 19 589 істі қарап жатыр. Алименттің жалпы сомасы – 1 млрд теңге.
Қазір облыс прокурорлары 12 832 кәмелетке толмаған балаға тиесілі 300 млн теңгеден астам қарызды төлеттірді.
Облыс прокуратурасы ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде алимент бойынша 76 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Борышкерлердің берешегі 25 млн теңгеден асқан.
56 адам әкімшілік қамауға алынды. Олар алимент бойынша 17 млн теңге қарызын төлемеген. 8 млн теңге қарызы бар 20 адамға әкімшілік айыппұл салынды.
Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 3 борышкерге қатысты сот үкімі шығарылып, тараптардың татуласуына және қарызды өтеуге байланысты 6 іс тоқтатылды. Сондай-ақ қазір 2 іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тағы 2 іс сотқа жіберілді.
Прокуратураның көмегімен 68 борышкер жұмысқа орналастырылды.