Halyq Uni логотип
×

«Жасыл даму» АҚ қоршаған ортаны жақсартуға 200 млрд теңге жұмсайды

Қаражат бірнеше жобаға беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2024 | 16:45
«Жасыл даму» АҚ қоршаған ортаны жақсартуға 200 млрд теңге жұмсайды
Фото: gov.kz/Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қоршаған ортаны жақсартуға 200 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Бұл қаражат қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, қоршаған ортаны жақсартуға, қалдықтармен айналысатын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру жобаларына бөлінеді, – делінген хабарламада.

«Жасыл даму» АҚ Экологиялық кодекске сәйкес, кәдеге жарату төлемі түріндегі банктік шотқа өндірушілер мен импорттаушылардан түскен қаржыны жұмсайды.

Бұл шара 2030 жылға қарай 40% және 2050 жылға қарай 50% көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің деңгейін арттыру мақсатында және еліміздің «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудағы тағы бір қадам болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама