Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық кәсіпорындар 1,1 мың жұмысшыға жалақы төлемеген

Мекеме басшыларына айыппұл салынды

 Динара Амантай 14.02.2024 | 16:07
Қазақстандық кәсіпорындар 1,1 мың жұмысшыға жалақы төлемеген
Фото: Halyq Uni

Қазақстандық кәсіпорындар 1,1 мың жұмысшыға жалақы төлемеген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары елдегі 25 кәсіпорынның 1,1 мың жұмысшыға 164,7 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Олардың басшыларына орындалуы міндетті 11 нұсқама беріліп, 1,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 130 млн теңге төленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама