Halyq Uni логотип
×

Мектепке шабуыл жасау туралы ақпарат Қостанайда да тарады

Жарияланым авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 14.02.2024 | 15:31
Мектепке шабуыл жасау туралы ақпарат Қостанайда да тарады
фото: dela.ru

Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдардың қылмыс ұйымдастырып жатқаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Аталған факті бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір жарияланым авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін осындай жалған хабарлама таратқаны үшін Қарағандыда кәмелетке толмаған баланың ұсталғанын жазған болатынбыз.

Азаматтардан арандатуға еріп кетпей, хабарламаның қайта жолдануына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деп ескертті полицейлер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама