Halyq Uni логотип
×

Боранда ескертуге қарамастан жолға шыққан жүргізушіге айыппұл салынды

Ол полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған

 Динара Амантай 14.02.2024 | 13:00
Боранда ескертуге қарамастан жолға шыққан жүргізушіге айыппұл салынды
Скрин: Youtube

Боранда жолдардың жабылғанына қарамастан жолға шыққан жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтөбе облысының аумағында 7-8 ақпан аралығында ауа райының өзгеруіне және боранға байланысты барлық бағыттарға жолдар жабылған болатын. Ауа райының қолайсыздығына және елді мекендерден тыс жерлерге шықпау туралы ескертулерге қарамастан, облыс тұрғыны талаптарды елемей, шығып кеткен.

8 ақпанда Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында сағат 10:00 шамасында жолдың жабылған уақытында ол полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбаған. Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындап, өкініш білдірді.

Соттың қаулысымен азамат А.-ға 110 мың 760 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – делінген сот хабарламасында.

Құқық бұзушы айыппұлды төледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама