×

Көлікті есірткі тұтынып алып жүргізгендерге шара қолданбаған сақшылар жазаланды

Прокуратура сотқа дейінгі 5 тергеп-тексеруді бастады

 Динара Амантай 14.02.2024 | 11:56
Фото: Halyq Uni

Түркістан қаласының прокуратурасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы cот қаулыларын зерделеу барысында тіркеуден тыс қалған қылмыстық құқықбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда, полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде көлік басқарған 4 жүргізуші мен көлік басқару құқығынан айырылып, оны қайтадан масаң күйде жүргізген 1 жүргізушінің іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болуына қарамастан, оларды тек әкімшілік жауапкершілікке тартумен шектелген.

Бұл ретте прокуратура есiрткi заттарын пайдалану (ҚР ҚК-нің 296-бабы: «Есірткі және сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») және көлікті басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра қайта есірткіге масаң күйде көлік басқару (ҚР ҚК-нің 346-бабы: «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы») фактілері бойынша сотқа дейінгі 5 тергеп-тексеруді бастады, – делінген хабарламада.

Қазір кінәлі азаматтарды жауапкершілікке тарту бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама