36 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілген
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
«ҚазАвтоЖол» ақпаратына сәйкес, 36 учаскеде шектеу енгізілген.
Абай облысында – 1 учаске (42 км)
Ақмола облысында – 14 учаске (1226 км)
Ақтөбе облысында – 4 учаске (662 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (211 км)
Жамбыл облысында – 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында – 1 учаске (100 км)
Қарағанды облысында – 3 учаске (288 км)
Қостанай облысында – 2 учаске (52 км)
Қызылорда облысында – 3 учаске (815 км)
Павлодар облысында – 1 учаске (54 км)
Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске (98 км)
Түркістан облысында – 2 учаске (283 км)
Қазір республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 535 техника және 875 қызметкер жұмылдырылды.