×

Қарағандылық кәсіпкер құстың ұясы мен балапаны бар ағашты кестіріп тастаған (ВИДЕО)

Ол оқиға орнына жақын орналасқан пиццерияның иесі болып шықты

 Еркеғали Болатұлы 27.05.2022 | 16:35
фото: видеодан скриншот

Қарағандыда Бөкетов көшесіндегі ағашты кесуге тапсырыс берген адам анықталды. Ағаш кесілген кезде құстардың ұялары зардап шегіп, балапандар мерт болған.

Ағаштарды кесуге тапсырыс берген адам оқиға орнына жақын орналасқан пиццерияның иесі болып шықты. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің қызметкерлері осы жұмысқа тапсырыс берушімен кездесті. Меншік иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді аудан әкімдігінің қызметкері.

Пиццерия басшылығы қарағандылықтардан көпшілік алдында кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай қателіктер жасамауға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама