Ол өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы тағайындаған
Қарабалық ауданының прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кәсіпкерлік бөлімінің есепшісі өзіне және бөлімнің бұрынғы басшысына заңсыз жоғары жалақы төлеу арқылы 13 млн бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі, атап айтқанда ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.