×

Декларация: бағалы металдар, қымбат картиналар мен антиквариаттар қалай бағаланады

Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру қажет

 Ая Өміртай 13.02.2024 | 16:17
көрнекі фото: Halyq Uni

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан 4 кезеңнен тұратын жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың шарттары түсіндірілді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов бағалы заттар мен антиквариаттарды бағалау бойынша кімге жүгіну керегін айтты.

Бұл бағалы заттар мен антиквариаттарға, сондай-ақ асыл металдардан жасалған басқа да бұйымдарды көрсетуге қатысты. Салық кодексіне сәйкес, егер құны 1 мың АЕК-тен асса – шамамен 3,5 миллион теңге болса, онда бағалауды мамандандырылған компаниялар жүргізеді. Жаңа ғана бағалаушылар палатасын шақырдық, жауап береді, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.

«Өзін-өзі реттейтін Қазақстан бағалаушылар қауымдастығының ұйымы» президиумының төрағасы Елена Волкованың түсіндіруінше, қызмет түрі мүліктің осы түрін бағалаумен айналысатын кез келген компания бағалауды шектеусіз жүзеге асыра алады.

«Жалпы дәрігерлер, тіс дәрігерлері және т.б., әрқайсысының мамандығы бар. Бұл бағалаушыларға да қатысты. Жылжымайтын мүлікті бағалаушылар бар, жол-көлік оқиғасы бойынша залалды бағалаушылар, бизнесті бағалау деген сынды. Сондықтан, егер клиенттер декларацияда көрсеткісі келетін элементтерді бағалайтын компанияны таба алмаса, Қазақстандағы 4 бағалаушылар палатасына хабарласуына болады және олар тізімін береді. Бағалауды қажет ететін мәселемен арнайы айналысатын адамдар бар», - деп Елена Волкова бағалау тәртібін ретімен атады.

Оның айтуынша, әуелі бағалау жүргізу үшін екі жақты келісімге қол қояды. Бағалау тапсырмасынан басқа, тұтынушыға тек өнімнің өзін тексеруге ұсыну қажет, содан кейін бағалаушылар барлығын өз бетінше жасайды.

«Егер біз тауарлар туралы айтатын болсақ, бренд сағаттарды айтайық - Rolex, Chaparrel және т.б. Бұл, сайып келгенде, жаппай нарықтық өнім және мүлікті анықтауда ешқандай проблемалар жоқ. Бірақ бір дана болатын өнімдер бар, мысалы, картиналар, тарихи сирек кітаптар сияқты. Бұл жағдайда өтініш беруші бағалаушының өнер мамандары жүргізетін сараптаманы талап ететініне дайын болуы керек. Қазақстанда мұнымен айналысатын компаниялар, институттар, музейлер бар. Мұнда өте жоғары деңгейдегі халықаралық сарапшылар бар. Кескіндеме өте қымбат болуы мүмкін, бірақ ол жыртылған болса, құны арзандайды. Сондықтан, сақтау тұрғысында бағалаушы өнертанушыға түсініктеме беру үшін міндетті түрде сұрақ қояды. Әдістемелік мәселелердің барлығы бағалау стандартында сипатталған. Жылжымалы мүлікті бағалау стандартқа сәйкес келеді, оларды уәкілетті орган бекітеді, сондықтан бұл мәселеде кедергі болмайды», - деп толықтырды Елена Волкова.

Қауымдастық өкілі тұрғындар тарапынан бағалауға қатысты сұрақтар туындаса, палатаның сайтына кіріп, тегін кеңес алуға болатындығын атады.

Айта кетелік, декларацияны тұрғылықты жеріңіз бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру қажет.

Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті» порталы, «Электрондық үкімет» веб-порталы, eSalyq Azamat, Halyk, Центркредит Банкі (БЦК) мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ қағаз жеткізгіште қолма-қол кірістер органдарына барып және халыққа қызмет көрсету орталығына немесе пошта арқылы жолдап тапсыруға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама