×

150 млн теңгенің синтетикалық есірткісі анықталды – ҰҚК

Есірткінің салмағы – 8 келі

 Дәурен Ерболат 13.02.2024 | 16:12
Фото: ҰҚК

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірілген жасырын зертхана анықталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Биыл 6 ақпанда ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы қаласына жақын орналасқан жер үйден есірткі зертханасын ұйымдастырды деген күдікпен 1995 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады.

Үйді тінту барысында 40 мың доза болатын 8 келіден аса мефедрон синтетикалық есірткісі, оларды дайындайтын құрылдар мен компоненттері анықталды. Синтетикалық есірткінің қара нарықтағы құны шамамен 150 мың теңгеден асуы мүмкін.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама