×

Былтыр отбасына зорлық көрсеткен мыңға жуық адам сотталды – ІІМ

27 мыңнан астам азамат сотта татуласты

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2024 | 14:03
Фото: Halyq Uni

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты өткен дөңгелек үстелде ІІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зулхаиров былтыр отбасындағы қиын жағдайға ұшыраған 100 мыңнан астам адамнан полицияға араша болуға өтініш түскенін айтты.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа заңнама шеңберінде 2023 жылдың екінші жартысында тұрмыстық жанжалдарға қатысты 50 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 64%-ы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есе артты. Ал 27 мыңнан астамы сотта татуласты.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен әңгімелесіп, зорлық-зомбылық көрген адамдардың жан дүниесін түсінуге тырысты.

Былтыр полицияға 100 мыңнан астам өтініш пен тұрмыстық жанжалдар туралы хабарламалар түсті. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тікелей қатысы болған 15 мың оқиғаны ішкі істер органдары қызметкерлерінің өздері анықтады. Барлық тіркелген факт бойынша кінәлі адамдар заңда көзделген жауапкершілікке тартылды. Отбасылық зорлық-зомбылық жасаған әр азамат заңда мұндай әрекет үшін 5 тәуліктен бастап, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік көзделгенін білуі керек, – деді ІІМ өкілі.

2023 жылы 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке, ал 1 мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын ішкі істер органдарының көзіне түскен адамдармен зорлық-зомбылық себептерін уақтылы анықтау және жою үшін 130 мыңнан астам профилактикалық әңгіме болды.

Былтыр тамыз айынан бастап біз 18,5 мыңнан астам сауалнама жүргіздік. 884 жағдайда құқықбұзушылықты қайта жасау қаупі жоғары болды. Біз агрессияны болдырмау үшін құқық бұзушыларды ерікті түрде психокоррекциялық курстардан өтуге шақырамыз. Былтыр жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік инспекторлар 87 мыңнан астам қорғаныс ұйғарымын шығарды. Ал полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 15 мыңнан астам ерекше талапты белгіледі. Оның ішінде алкоголь ішімдіктерін пайдалануға тыйым салу талабы да бар. Мұндай азаматтар үшін бізде полицияның күшейтілген бақылауы іске асрылып жатыр, – деді полиция полковнигі.

Соттардың шешімі бойынша қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін барлығы 2,7 мың агрессор және мінез-құлқына қатысты қойылатын ерекше талаптарды орындамағаны үшін 5,9 мың құқық бұзушы қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама