×

Үй кезегін жылжытқысы келген өскемендік ақшасынан айырылып қалды

Ол жеңіл жолмен баспаналы болғысы келген

 Қымбат Елтайқызы 27.05.2022 | 15:50
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы орталығында тұрғын үй алу кезегін айналып өтуге тырысқан бойжеткен алаяққа алданды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Сәуірдің соңында Өскемен қаласының полиция басқармасына 29 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ол осы жылғы 23-25 сәуір аралығында танысы пәтер кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен оның 450 мың теңгесін алдап алғанын жеткізді. Ойындағысын іске асырғысы келген жәбірленуші тұрғын үйге кезегін алға жылжыту үшін банктің мобильді қосымшасымен қаражат аударған. Арызды қабылдап алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға кіріскен. Осылайша, қабылданған шаралар нәтижесінде криминалдық полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстады», – дейді ІІМ.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама