Қостанай соты адам өлтірген күзетшіні «өзін-өзі қорғады» деп ақтады
Азаматтардың кейбірі мас болғандықтан оларды мекемеге кіргізбей қойған
Қостанайда сот бір адамның өліміне әкеп соққан төбелеске қатысты үкім шығарды. 24 жастағы Игорь Фоминых кінәсіз деп танылды. Бұл туралы жергілікті tobolinfo сайты хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, оқиға 2023 жылы мамыр айының 28-нен 29-ына қараған түні Біржан Жүнісовтің достарымен бірге көңіл көтеру орталықтарының біріне кірмек болған кезде болған. Азаматтардың кейбірі мас болғандықтан оларды мекемеге кіргізбей қойған. Бұл күзетші Валентин Лысенкомен жанжалға ұласып, соңы төбелеске ұласқан. Соның салдарынан Біржан Жүнісов қаза тапты.
Күзетшіге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Сотталушылардың қатарында төбелеске басқаларға қарағанда кеш араласқан James Bond барының диджейі де болған.
Прокурор Фоминыхты «Абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот оны «өзін қорғау мақсатында әрекет етті» деп таныды.
Адамның қаза табуы әрқашан қиын, алайда сот заңсыз әрекеттерді таппады. Бұл – өзін-өзі қорғау әрекеті, – деп түсіндірді судья Алтын Байжұманова.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық сатыға шағым жасауға болады. Зардап шеккен тарап осы мүмкіндікті пайдаланатынын мәлімдеді.