Halyq Uni логотип
×

Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолы кесілді

Есірткіні Италия мен Польшадан жеткізіп отырған

 Динара Амантай 13.02.2024 | 09:17
Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оңтүстік мегаполисте жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған. Бұдан әрі Қазпошта бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 келі есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды. Оның ішінде 0,5 келі кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл – 3 мыңнан астам бір реттік доза.

Анықталғандай, ұсталған шетелдік курьер функциясын 3 айға жуық орындап келген, ал Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келген.

Ұсталған адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетсек, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Күдікті қамауға алынды,– деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, елге кокаин жеткізу арналарын анықтау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама