Қылмыстық іс тергеліп жатыр
Ұлытау облысында мәдениет басқармасы басшысының пара алғаны анықталды, деп хабарлады Антикор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды, - деп жазылған хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.