Өртті сөндіруге 27 адам жұмылдырылды
Қарағандыда дәмханадан шыққан өрттен әкімші зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:53-те Қарағанды қаласында дәмханадан өрт шыққаны туралы хабар түскен. 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан дәмхананың ас үй бөлмесінде 10 шаршы метр аумақ өртенген.
Алдына ала болжам бойынша күйік алған әкімші емдеу мекемесіне жіберілді.
ТЖД күштері баспалдақ арқылы үйден 10 адамды (оның ішінде 2 бала бар) эвакуациялады. Өрт сағат 13:35-те сөндірілді.
Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД-ның 27 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.