Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда дәмханадан шыққан өрттен әкімші зардап шекті

Өртті сөндіруге 27 адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 12.02.2024 | 14:58
Қарағандыда дәмханадан шыққан өрттен әкімші зардап шекті
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда дәмханадан шыққан өрттен әкімші зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:53-те Қарағанды қаласында дәмханадан өрт шыққаны туралы хабар түскен. 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан дәмхананың ас үй бөлмесінде 10 шаршы метр аумақ өртенген.

Алдына ала болжам бойынша күйік алған әкімші емдеу мекемесіне жіберілді.

ТЖД күштері баспалдақ арқылы үйден 10 адамды (оның ішінде 2 бала бар) эвакуациялады. Өрт сағат 13:35-те сөндірілді.

Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД-ның 27 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама