Электронды еңбек биржасына бір айда 200 мыңға жуық өтініш түскен
Жұмыс берушілер 97,3 мың бос орын ғана бар екенін хабарлады
Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасына адамдардан 200 мыңға жуық өтініш түсті. Нақтырақ айтсақ, 191,1 мың адам жұмысқа орналасу туралы өтініш жіберген. Ал жұмыс берушілердің 97,3 мың бос жұмыс орны туралы ақпараты шыққан, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда, бос орындарының саны 22,3 мыңға азайған. Ал түйіндеме 132 мыңға өскен. Осылайша, жұмыс іздеген адамның түйіндемесі 223 пайызға көбейген.
Қаңтар айында жоғары білікті мамандарға сұраныс көп болды. Жұмыс берушілер тарапынан орташа білікті мамандарға деген сұраныс өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда 4 %-ға немесе 2 мың бос орынға азайған. Сонымен бірге біліктілігі жоқ персоналға да сұраныстың айтарлықтай азайғанынын көруге болады. Мысалы, біліктілігі жоқ адамдарды жұмыс берушілердің 58 пайызы қызметке шақырмаған. Сол себепті 30,2 мың жұмыс орны бос қалған, – деді «ЕРДО» АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаментінің басқарма басшысы Камилла Манакова.
Оның айтуынша, қаңтар айында ең көп бос жұмыс орыны «білім және тәрбие» (17,5 мың бос жұмыс орны) мен «медицина және фармацевтика» (8,5 мың) кәсіптік салаларында болды. Өз кезегінде Электорнды еңбек биржасында «білім және тәрбие» (17,3 мың түйіндеме) мен «ТКШ және абаттандыру» (8,2 мың түйіндеме) кәсіптік салаларының қызметкерлері жұмыс іздеген.
Ең көп жалақыны жұмыс берушілер өндірістегі база бастықтарына (900 мың теңгеден бастап), жобалаушы инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден бастап) ұсынған.