Компания Грузияға жолаушыларды тасымалдауды қолға алды
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірігіп, халықаралық рейстер санын көбейту бойынша жұмысты одан әрі жалғастырып жатыр.
SCAT әуекомпаниясы биыл 8 маусымнан бастап Астана-Батуми бағыты бойынша аптасына екі рейс ашатынын хабарлады. Бұған дейін Батумиге үшақтар қатынаған болатын. Енді компания Грузияға жолаушыларды тасымалдауды қайта қолға алды. Рейсті сейсенбі мен бейсенбіде «Боинг-737» ұшақтары жасайды. Сондай-ақ биыл шілде айынан бастап Батумиге аптасына үш рет ұшақтар ұшырылады деп жоспарланып отыр. Яғни, жолаушылар сейсенбі және бейсенбімен қоса, сенбіде де Астана-Батуми бағыты бойынша жолға шыға алады, – деп хабарлады Көлік министрлігі.
Тұрақты әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.