Ойын алаңында футболшыны найзағай соқты (ВИДЕО)
Ол небәрі 30 жаста болған
Индонезиялық «Персикас Субанг» клубының футболшысы ойын алаңында үстіне найзағай түсуі салдарынан мерт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сенбі, 10 ақпанда Бандунг қаласындағы (Индонезия) Силиванги стадионында қайғылы оқиға болды. Ойын кезінде футболшыға найзағай түсіп, ол есінен танып қалған. Содан кейін ауруханада есін жимастан қайтыс болды.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ол небәрі 30 жаста болған. Сондай-ақ бұл бірінші жағдай емес екендігі айтылады.