×

Елімізде бір тәулікте 85 өрт болды

Бұл ретте 32 адам құтқарылып, эвакуацияланды

 Динара Амантай 12.02.2024 | 10:14
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Елімізде бір тәулікте 85 өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство күштері 174 жедел шығу жасады. Оның 85-і өрттер мен жану оқиғаларына, 89-ы іздестіру, апаттық-құтқару және басқа да жұмыстарға шыққан. Бұл ретте 32 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтап, дауыл туралы алдын ала ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама