Halyq Uni логотип
×

«Ана мен әйелді салыстыру адамдыққа жатпайды» - Ринат Зайытов (ВИДЕО)

Ана мен әйел деген - мүлдем екі түрлі адам

 Халық үні 11.02.2024 | 21:41
«Ана мен әйелді салыстыру адамдыққа жатпайды» - Ринат Зайытов (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Айтыскер ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жас ақындарға ренінін айтты. Депутат жас ақындардан сүйген қыздарын өмірге әкелген анамен салыстырмауды сұрады. Бұл туралы ол «ХабарLIKE» бағдарламасында айтты.

Оның айтуынша, жас ақындарда қазір жаман тенденция қалыптасып келе жатыр. Ол - сүйген қызы мен туғани ананы салыстыру.

«Жас ақындарға ренжитінім бар. Осы жерде айта кетейін. Құрметті жас ақындар! Сүйген қыздарыңмен туған анаңды салыстырмаңдаршы, өтініш. Бізде жаман тенденция пайда болды. «Анамнан кейін өзің әдемі», «Әлемдегі екінші сұлу қыз сенсің, біріншісін менің әкем алған» деген сияқты. Ана мен әйел деген - мүлдем екі түрлі адам. Екеуін салыстыру адамдыққа жатпайды», - деді Ринат Зайытов бағдарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама