Щучьеде де жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды (ВИДЕО)
Ақмола облысының полициясы шабуыл жасаған азаматты ұстады
Щучье қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 10 ақпанда жанармай құю бекетінде жедел жәрдем көлігіне жанармай құйып жатқан кезде болған.
Екінші көліктің жүргізушісі көлігін тұраққа дұрыс қоймай, жол бергісі келмеді. Ал жедел жәрдем бригадасы науқасқа асығып бара жатқан, - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай, Ақмола облысының полициясы шабуыл жасаған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді.
Ақмола облысының полиция департаменті Щучьедегі жанар-жағармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салған ер адамды анықтады. Сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді полиция.