Шетелдік БАҚ оны «террорист» деп ақпарат таратып жіберген
Түркістан облысында қалың сақалына ұстара тигізіп көрмеген Мұхтабар әже шөберелі болып, қуанышы еселенген.
Бүгінде 70 жастан асқан ол өзі туралы түрлі қауесет тараса да еш қамықпастан, бақытты күн кешіп жүргенін айтады.
Еске сала кетсек, шетелдік БАҚ қазақстандық сақалды әйелді «террорист» деп ақпарат таратып жіберген болатын. Сол сұмдық жаңалықты оның өзі бала-шағасынан естіп, жағасын ұстаған. Тіпті, ол бір Құдайға тапсырдым деп, өзіне қара күйе жаққандарды сотқа беруден де бас тартыпты.
Бүгінде Мұхтабар әженің 6 немересі, 3 шөбересі бар. Өзінің айтуынша, бетінде сақал өсуі тұқымында бар екен. Анасы мен әжесінде де болған. Бұл жағдай оларды еш ұялтпаған.
Дәрігерлердің айтуынша, зейнеткердің бетіндегі сақал тұқым қуалап өсіп кеткен және Мұхтабар әженің денсаулығында ешқандай норма бұзылмаған.
Бұл ретте сақалды әже елімізге 2018 жылы түрлі БАҚ арқылы танылған еді.