×

Дидар Смағұлов «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды

Ол «Жылдың үздік құқық қорғаушысы» номинациясын жеңіп алды

 Халық үні 11.02.2024 | 12:54
Фото: facebook

Астана қаласында «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Ұлттық сыйлық аясында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов «Жылдың үздік құқық қорғаушысы» номинациясын жеңіп алды.

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2020 жылы құрылды. Басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу мақсатында қызмет ететін үкіметтік емес қоғамдық ұйым.

Біздің команда құқық қорғау органдарында көп жыл жұмыс істеген, тәжірибелі мамандардан құрылған. Өйткені жемқорлыққа қарсы күресу ерік-жігер мен кәсібилілік маңызды, - деді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов.

Айта кетелік, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 14 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген. Сонымен қатар, бірлестіктің өтініші негізінде 68 қылмыстық іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама