×

Биыл Қазақстанда қанша ресейлік пен украин азаматына ЖСН берілгені айтылды

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру қызметі 2022 жылғы 1 қазанға дейін қолжетімсіз

 Ербол Тұрымбет 27.05.2022 | 12:23
көрнекі фото: gov4c.kz

Қазақстанның eGov жүйесінде шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру уақытша тоқтатылды. Порталдың өзінде бұл қызметтің әзірге қолжетімсіз екені және қызметтің қолжетімділігін жаңартудың жоспарланған мерзімі — 2022 жылғы 1 қазаны екені жазылған.

Қазақстанның электрондық үкіметі ҚР-да уақытша тұратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ЖСН беруді тоқтатуға қатысты әлі нақты себебін айтылған жоқ.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 90 100 шетел азаматтарына ЖСН берілген. Оның ішінде 35 782 ресейлік (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16 есе көп) және 637 украин азаматы (өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда үш есе көп) бар.

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН мынадай жағдайларда қажет:

  • банкте шот ашу қажет болса;
  • шетел азаматы Қазақстанда орналасқан көздерден табыс алатын болса;
  • салық салынатын мүлікті сатып алу кезінде, мысалы, автокөлік;
  • Қазақстан резиденті - заңды тұлғаның басшысы немесе резидент емес - заңды тұлға филиалының басшысы болып тағайындалған кезде.

Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін Қазақстанда болу міндетті емес. Оны сенімхат бойынша істеуге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама