Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті
Қызылорда қаласында көлік апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 9 ақпанда кешкі сағат 18:55 шамасында болған. «ВАЗ» және «КаМАЗ» соқтығысқан.
102 нөміріне хабарлама түсті. 3 адам оқиға орнында көз жұмды, бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Ердәулет Жаукеев.