Halyq Uni логотип
×

Бизнесті заңсыз тексергені үшін 150-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Прокуратура 3 190 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарын қорғады

 Динара Амантай 27.05.2022 | 11:58
Бизнесті заңсыз тексергені үшін 150-ден астам лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында бизнесті заңсыз тексергені үшін прокурорлар 150-ден астам мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын және олардың басшыларын жауапкершілікке тартты. Бұл туралы облыстық проуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

26 мамырда Алматы облысы прокурорының м.а. М.Ш.Әбдірахманов Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кеңес өткізі. Жиында осы жылы жүргізілген бизнесті қорғау бойынша бірлескен жұмыстың нәтижелері айтылды.

2022 жылдың мамыр айында мобильдік топқа бизнесті заңсыз тексеру туралы 80 сигнал келіп түскен, оның 50-і оң шешілген. Прокурорлық қадағалау шараларымен кәсіпкерлерге 253 заңсыз тексеру жүргізуге жол берілмеді, заңсыз тексерулер жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша мемлекеттік органдардың екі басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген Алматы облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған қоса бизнес құқықтарына нұқсан келтіретін мемлекеттік органдардың 312 заңсыз актілерінің күші жойылды, 18 кәсіпкерге қатысты мемлекеттік органдар шектеулерінің күші жойылды. Жіберілген бұзушылықтар үшін 120 адам әкімшілік жауапкершілікке, ал 38 түрлі деңгейдегі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 3 190 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдарына қатысты материал тіркелді.

Сонымен қатар кеңесте қадағалау органының жедел араласуын талап ететін облыс бойынша бизнестің аса өткір проблемалары айтылды.

Нәтижесінде прокуратура органдары мен Кәсіпкерлер палатасына назар аудару қажет үш бағыт анықталды: Біріншіден - бұл бизнеспен бірлесіп, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу және кедергі келтіру фактілерін анықтау және жою. Заңсыз тексерулерді тағайындау және жүргізгені үшін лауазымды адамдарының әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беру қажеттілігі. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту. Екіншісі - бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тарту фактілеріне жол бермеу. Үшінші - соттардың азаматтық істерді қарауы кезінде бизнесті қорғауға және кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға баса назар аудару.

Облыстық прокуратура кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесін үнемі бақылауда ұстап отыратынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама