Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Көлік айыптұраққа қойылды

 Дәурен Ерболат 09.02.2024 | 14:09
Шымкентте 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте полиция 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші әйелді анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалада патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы бар көлік иелерін анықтап жатыр. «Қорғау» бағдарламасы арқылы Toyota Camry жүргізушісінің 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталды.

Полиция көлікті Темірлан тасжолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан. Әйелге қарызды уақытында төлеу керектігі ескертілді.

Toyota Camry айыптұраққа қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама