Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке 450 млн теңге төледі
Прокуратура Энергетика министрлігіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді
Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке 450 млн теңге төледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт бойынша жыл сайын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға міндетті. Дегенмен облыс прокуратурасы тексерумен жер қойнауын пайдаланушылардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қаржы төлемегенін анықтады.
Қаржыларды мемлекет бюджетіне өндіру мақсатында Энергетика министрлігіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Нәтижесі бойынша «Саутс Ойл» ЖШС Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға 450 млн теңге қаржы төледі, – делінген прокуратура хабарламасында.
Бұл бағыттағы заңдылықтың сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.