ҚТЖ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
400-ден астам жолаушы эвакуацияланды
Қар мен боран, тасжолдар мен әуе рейстерінің жабылуына байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Темір жол төсемін қардан тазарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екі тәулік ішінде 12 мың шақырымнан астам темір жол төсемі тазартылды. Магистральдық желілерге барлық қар тазарту және қардан аршу техникаларымен 279 шығу іске асырылды.
Кеше қала маңындағы электр пойыздарымен және жолаушылар пойыздарымен 400-ден астам жолаушы эвакуацияланды. Жолаушылар пойыздарына қосымша 31 вагонның тіркемесі ұйымдастырылды. Жолаушыларға қосымша 1 300-ден астам орын ұсынылды.
Вокзал кезекшілері жолаушыларды пойыздардың қозғалысынан хабардар етіп жатыр. Жолаушыларды қауіпсіз отырғызу және түсіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Вокзал аумақтарында қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.