×

Қошанов пен Бозымбаев коронавирус жұқтырды: Мәжілісте маска тағып жүру шарт

Бұл талап палатаның жалпы отырысына баратын журналистерге де қатысты

 Еркеғали Болатұлы 08.02.2024 | 15:40
фото: Батыржан Беспаев

Мәжілісте маска тағу талабы енгізілді. Ал кейбір шаралар онлайн форматта өткізіледі, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

6 ақпанда президенттің іс басқармасына қарасты медициналық орталықтың бас санитар дәрігері Айгүл Темірғалиева коронавирус инфекциясына байланысты, бүгіннен бастап Мәжіліс ғимаратында бірқатар шектеу шарасын енгізді.

Атап айтқанда, міндетті түрде медициналық маска тағып жүру керек. Ал жиналыстар онлайн форматқа ауыстырылады. Ғимаратта қандай да бір шара ұйымдастырылса, маска тағу режимі қатаң сақталуы шарт.

Осыған байланысты ведомствоның баспасөз қызметі Мәжілістің жалпы отырысына баратын журналистерден шектеу шараларын алып тастағанша маска тағып жүруді сұрады.

Айта кетсек, бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов пен президент кеңесшісі Қанат Бозымбаевтан коронавирус анықталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама